Тақырыптар
    Bybit Kazakhstan Спотта Листингті Жою Механизмі
    bybit2025-04-01 13:33:22

    Bybit Kazakhstan биржасы қолайлы сауда ортасын қамтамасыз ету үшін листингі жасалған әрбір токенді жүйелі түрде тексеріп тұрады,осылайша трейдерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Токен Bybit Kazakhstan биржасының қатаң листинг талаптарына сай болмаса, Bybit Kazakhstan командасы терең тексеруді өткізеді, содан кейін токеннің және оның сауда жұбының листингін жоюы мүмкні.






    Листингін жою процесі

    Токеннің листингі жойылғаннан кейін келесі жағдайлар орын алуы мүмкін:

    1. Кейбір немесе барлық байланысты сауда жұптарын уақытша тоқтату;

    2. Токенді депозиттеулерді уақытша тоқтату;

    3. Токенді шешіп алуларды уақытша тоқтату. 

     

    Шешіп алуларды уақытша тоқтатпай тұрып пайдаланушылрада листингі жойылған токендерді шешіп алуға буферлік кезең облады. 

     

    Пайдаланушылар берілген буферлік кезеңге дейін листингі жойылған токендерді шешіп алмаса, Bybit Kazakhstan биржасы нарықтық жағдайлар мүмкіндік берсе листингі жойылған токендерді баламалы USDT сомасына (ағымдағы нарықтық баға бойынша) айырбастайды. Бұл айырбастау процесі екі-үш апта алады деп күтілетінін ескеріңіз.






    Айырбастау ережелері

    1. Егер токенді шешіп алу уақытша тоқтатылғаннан кейін биржадан тыс (OTC) нарықта жеткілікті өтімділік болса, Bybit Kazakhstan биржасы листингі жойылған токендерді баламалы USDT сомасына нарықтық бағамен конвертациялайды, содан кейін транзакция комиссияларын шегеруден кейін USDT-ді пайдаланушының Бірыңғай сауда аккаунтына пропорционалды түрде таратады.

     

    2. Шешіп алуларды уақытша тоқтатудан кейін OTC нарығында  жеткіліксіз өтімділік болса, транзакциялар орын алмайды және листингі жойылған токендердің құны нөлге айналады. Пайдаланушылар аккаунттарында листингі жойылған токендерді көре алмайды.

     

    3. Листингі жойылған токен айырбасталғаннан кейін актив құны 0,01 USDT-ден азырқа болса, Bybit Kazakhstan конвертацияланған USDT-ді пайдаланушылардың Бірыңғай сауда аккаунттарына босатпайды.

     

    Ескертпелер: 

    — Нарықтық флуктуацияларға байланысты пайдаланушыларға жоғалтуларды болдырмау үшін токендерді алдын ала шешіп алуға кеңес береміз. 

    — Шешіп алу және айырбастау процесі уақыт алады. Пайдаланушылардан шыдамды болу және барлық процестердің аяқталуына уақыт беру сұралады.

    — Bybit Kazakhstan биржасы алдын ала ескертусіз делистингтерді кез келген уақытта және ешқандай себептерсіз түзету, өзгшерту немесе өзгерту құқығын сақтайды.





    Bybit Kazakhstan биржасының токендерді басқару ережелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін мұнда кіріңіз.

    Was it helpful?
    yesYesyesNo