Тақырыптар
    Bybit биржасында позиция құрушысымен жұмысты бастаудың жолы
    bybit2025-01-16 12:46:57

     

     

    Позиция құрушы сізге деривативтерді, мерзімсіз саудашарттарды және фьючерстерді және опциондарды пайдаланып күрделі портфельдерді оңай жасауға мүмкіндік беретін трейдерлерге арналған қуатты құрал. Ол бірқатар саудашарттарды және теңшелген стратегияларды ұсыну әрі бірден жүздеген ордерлерді орналастыру арқылы инвестицияларыңызды әртараптандыруға мүмкіндік береді.

     

    Бұл нұсқаулықта біз сізге Bybit биржасында позиция құрушымен жұмысты бастау жолын көрсетеміз, осылайша сіз жеке сауда портфельдеріңізді жылдам құра аласыз.

     

    Позиция құрушыны пайдалануды бастамай тұрып келесіні ескеріңіз.

     

    • Бірнеше ордерді қабылдау мүмкін болуын қамтамасыз ету үшін аккаунтыңыздың бірыңғай сауда аккаунтына жаңартылғанын тексеріңіз.

    • Қазіргі уақытта тек нарықтық және лимиттік ордерлерге қолдау көрсетіледі.



    1-қадам: Сіз «Позиция құрушы» бетіне келесі екі (2) жолмен кіре аласыз:

     

    а) USDT мерзімсіз саудашарттарын саудалау беті: Ордер аймағында Стратегия тармағын басыңыз. Мұнда сіз екі (2) инвестициялық стратегиямен таныса аласыз: Мерзімсіз саудашарттарды қорғау және мерзімсіз саудашарттар кірісінің өсуі.

     

     

    Мерзімсіз саудашарттарды қорғау және мерзімсіз саудашарттардың кірісінің өсуі стратегиялары сәйкесінше қорғағыш путқа және сақтандырылған қоллға ұқсайды. Бұл стратегиялар туралы қосымша мәліметтер алу үшін келесі мақалаларды қараңыз:

     

    Содан кейін Сатып алу түймесін басу сізге сатып алғыңыз келетін стратегия мөлшерін енгізуге және оның сәйкес мәліметтерін енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар позиция құрушының негізгі бетіне өту және ордерлеріңізді сәйкесінше теңшеу үшін ордер аймағында Теңшеу түймесін басуға болады.

     

            

     

    ә) USDC опциондар саудасының беті:

    Опциондар блокчейнінің жоғарғы оң жағында Позиция құрушы тармаған басыңыз.





    2-қадам: Позиция құрушы арқылы ордеріңізді орналастырыңыз.

     

    USDT мерзімсіз саудашарттары, USDC мерзімсіз саудашарттары, USDC фьючерстік және USDC опциондар саудашарттары арқылы сіз 200-ге дейін позицияны теңшей аласыз. Оған қоса, әртүрлі нарықтық жағдайларда әртүрлі инвестициялық идеялар үшін стрэдл стратегияларының, баттерфляй стратегияларының, темір кондор стратегияларының, стрэнгл стратегияларының, колл/пут спрэді стратегияларының, сақтандырылған колл стратегияларының және қорғағыш пут стратегияларының мүмкіндіктерін ашыңыз. 

     

    1. Позицияны жасағыңыз келетін тиынды таңдаңыз


    2. Позицияларыңызды құру үшін стратегия үлгілерін теңшеңіз және пайдаланыңыз:

    • Саудашарттарды таңдау

    • Саудашарт түрі мен бағытын орнатыңыз

    • Симуляциялық позицияны қосыңыз

    • Мерзімсіз саудашарттың левережін орнаыңыз

    • Қалаған ордер бағасын және позиция өлшемін өңдеңіз

    • Ордерлер кітабының күйін қараңыз

    • Нарықтық немесе лимиттік ордер түрін таңдау

     

    Ескертпе Әдепкі бойынша USDT мерзімсіз саудашарты ұсынылады. Сіз ашылмалы тізімінен басқа саудашарт түрлерін таңдай аласыз, соның ішінде USDC мерзімсіз саудашарттарын, USDC фьючерстерін және USDC опциондарын.

     

    Стратегияларыңызды одан әрі теңшеу үшін сіз дельта хеджирлеудің артықшылығын пайдалана аласыз. Тіркесіміңізде дельта әсері бар болса, қолжетімді хеджирлеу сомасы көрсетіледі және сіз дельта бейтарап болып қалуы үшін қатысты деривативтерді қосу арқылы оның орнын толтыра аласыз.

     

     

    Бұған қоса, әдепкі бойынша жүйе лонг стратегиясын ұсынады. Режимді теңшеуге өзгерту түймесін басу арқылы сіз позицияңыздың мөлшері және ордер бағыты сияқты әртүрлі параметрлерін теңшей аласыз. Теңшеу режиміне ауысқаннан кейін бастапқы стратегия деректері сақталады және сіз сан мен бағыт сияқты параметрлерді қалағаныңызша өңдей аласыз.








    P&L диаграммасын реттеу

    Сіз стратегияларыңызды келесі жолдармен теңшеу үшін P&L диаграммасы мүмкіндігін пайдалана аласыз:

     

    1. Страйк бағасы: P&L диаграммасының көрсетілуін жаңарту үшін көргіңіз келетін орындалу бағасының ауқымын таңдаңыз.

    2. Тұспалды құбылмалылық (IV): IV ауқымын -80% дегеннен 300% дегенге сүйреңіз.

    3. Жарамдылық мерзімі: Мерзімі біту күнін ағымдағы деңгейден опцион үшін ең соңғы мерзімі біту күніне қарай сүйреңіз.

     








    Жалпы P&L, маржаны және грек көрсеткіштерін көру

    Беттің оң жағында сіз әртүрлі маңызды ақпаратты, мысалы, жалпы табыс пен шығындарды, симуляциялық позицияны, қолданылған маржаны және грек мәнін көре аласыз.

     

     

    Портфельдік маржа және кросс маржа туралы егжей-тегжейлі кіріспелерді көру және олардың арасында тікелей ауысу үшін Маржа туралы ақпарат тармағында Портфель немесе Кросс тармағын басыңыз.

     

    Саудашарттар арасында лонг-шорт хеджерлеу арақатынасы арқылы бірнеше тармақта ордерлерді орналастыру үшін портфельдік маржа режимін пайдалану ұсынылады.

    Was it helpful?
    yesYesyesNo