
Трейдерлерді нарық тейкерлері немесе нарық мейкерлері ретінде жіктеуге боалды. Әрбір орындалған ордер үшін сауда комиссиялары алынады.
-
Өтімділікті алғысы келетін және кітаптан өтімділікті дереу алатын нарық тейкерлері. Олардан тейкер комисссиясы алынады.
-
Өтімділік қамтамасыз ететін және ордерлер кітабының нарық тереңдігін арттыратын нарық мейкерлеріне мейкер комиссиясы алынады.
-
Трейдерлер саудалық комиссияларын мәмілелер тарихында көре алады.
Ескертпе: Төмендегі кесте сіз Bybit биржасында спот нарықтарында сауда жасағанда сізден алынатын сауда комиссиясын көрсетеді және VIP емес пайдаланушыларға қатысты. VIP мөлшерлемесі туралы қосымша ақпаратты Сауда комиссияларының құрылымы бөлімінде қараңыз.
|
Мейкер комиссиясының мөлшерлемесі |
Тейкер комиссиясының мөлшерлемесі |
Барлық спот сауда жұптары |
0,1% |
0,1% |
Спотқа арналған формула
Сауда комиссиясы = орындалған ордер мөлшері x сауда комиссиясының мөлшерлемесі
Мысал ретінде BTC/USDT жұбын алайық:
BTC-дің ағымдағы бағасы $40 000 болса. Трейдерлер 20.000 USDT арқылы 0,5 BTC сатып ала немесе сата алады.
A деген трейдер USDT арқылы нарықтық ордерді пайдаланып 0,5 BTC сатып алады.
B деген трейдер BTC арқылы лимиттік ордерді пайдаланып 20 000 USDT сатып алады.
A деген трейдердің тейкер комиссиясы = 0,5 x 0,1% = 0,0005 BTC
B деген трейдер үшін мейкер комиссиясы = 20 000 × 0,1% = 20 USDT
Ордер орындалғаннан кейін:
A деген трейдер нарықтық ордер арқылы 0,5 BTC сатып алады, осылайша ол 0,0005 BTC тейкер комиссиясын төлейді. Сондықтан A деген трейдер 0,4995 BTC алады.
B деген трейдер лимиттік ордер арқылы 20 000 USDT сатып алады, осылайша B деген трейдер 20 USDT мейкер комиссиясын төлейді. Сондықтан B деген трейдер 19 980 USDT алады.
Ескертпе:
— Алынатын сауда комиссиясының бірлігі сатып алынатын криптовалютаға негізделеді.
— Ордерлердің орындалмаған бөліктері және бас тартылған ордерлер үшін сауда комиссиясы жоқ.

