Тақырыптар
    Спот саудасын бастаудың жолы
    bybit2025-03-13 16:11:20
    ҚолданбадаВеб-сайтта



      

    Сауда жұптарын таңдау

    1-қадам: Bybit Kazakhstan қолданбасының төменгі жағындағы Сауда жасау түймесін түртіп, Спот тармағын таңдаңыз. Содан кейін барлық қолдау көрсетілетін спот сауда жұптарын, сонымен бірге соңғы саудаланған бағаны және сәйкес сауда жұбының 24 сағаттық өзгеріс пайызын көру үшін беттегі сауда жұбының жанындағы ашылмалы тізім белгішесін түртіңіз.

     

     

    Қалаған сауда жұбын жылдам табу үшін көргіңіз келетін сауда жұбын тікелей енгізу үшін іздеу өрісін пайдаланыңыз. Белгілі бір сауда жұбының жанында 10x белгісін көрсеңіз, ол сауда жұбына спот маржа саудасында қолдау көрсетілетінін көрсетеді. Спот және спот маржасы арасындағы айырмашылық туралы қосымша мәліметтер алу үшін мұнда мұнда кіріңіз.






     

     

     

    Ордеріңізді орналастырыңыз

    Bybit Kazakhstan спот саудасы сізге әртүрлі ордер түрлерін қамтамасыз етеді. Әрбір ордер түрінің арасындағы айырмашылық туралы мәліметтерді  Bybit Kazakhstan биржасында қолжетімді ордерлердің түрлері бөлімінде қараңыз.

     

    Нарықтық ордерді мысал ретінде пайдалансақ, келесі қадамдар арқылы спот ордерін жасаңыз.

     

    1-қадам: Спот саудасын орындау үшін қазіргі уақытта Спот қойындысында екеніңізге көз жеткізіңіз. Содан кейін активті Сатып алу немесе Сату пәрменін таңдаңыз.

     




     

     

    2-қадам: Ордердің құнын немесе мөлшерін енгізіңіз. Ордеріңізді лимиттік ордер және шартты ордер сияқты басқа ордер түрлері арқылы орналастырсаңыз, сіз ордер бағасын немесе триггер бағасын енгізуіңіз керек болады.

     

    Нарықтық сатып алу және сату ордерлері үшін әдепкі мән — құны бойынша (нарықтық сатып алу) және мөлшері бойынша (нарықтық сату) ордерін орналастыру. Сіз ордерді орналастыру параметрлеріңізді ауыстыру үшін Құны бойынша ордер немесе Мөлшері бойынша ордерпәрменін түрте аласыз.

     



    Ескертпе: Сіз нарықтық сатып алу немесе нарықтық сату ордерін орналастыру үшін қолжетімді балансыңыздың 100%-ын таңдағанда, көрсетілетін максималды сома немесе мөлшер және жүйе есептейтін құн немесе мөлшер арасында азғантай айырмашылық болуы мүмкін. Бұл айырмашылық ықтимал нарықтық баға өзгерістеріне буфер ретінде әрекет етеді, осылайша ордеріңіздің баға азғантай флуктуацияға ұшыраса да мәселелерсіз орналастырылуын қамтамасыз етеді.






    3-қадам: Растау қалқымалы терезесі көрсетіледі. Ордер мәліметтері дұрыс екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін  Сатып алу немесе Сату пәрменін түртіңіз.

     

     

    Құттықтаймыз! Ордеріңіз сәтті орналастырылды.



    Көбірек оқу

    Спот саудасы: Комиссиялардың түсіндірмесі

    Спот саудасының ережелері

    Жиі қойылатын сұрақтар — спот саудасы






     

     

     

    Ордеріңізді көру

     

    Ағымдағы ордерлер

    Сіз ағымдағы орындалмаған немесе іске қосылмаған ордерлерді Ордерлер қойындысында көре аласыз.  Барлық сауда жұптарындағы барлық ағымдағы ордерлерді көрсету үшін Барлығын көрсету ұяшығын түртуге болады. 

     

     

    Ордер параметрлерінде Өзгерту пәрменін түртсеңіз,  ордер бағасы, триггер бағасы немесе ордер мөлшері сияқты мәліметтерді өңдей аласыз. 

     



    Ордерлер тарихы немесе мәмілелер тарихы

    Ордерлер тарихын және мәмілелер тарихын көру үшін «Спот саудасы» бетінде Барлық ордерлер тармағын түртіңіз. Бірыңғай сауда аккаунтының пайдаланушылары спот ордерлерінің сауда тарихын көру үшін Аккаунтты жаңарту алдындағы ордерлер тарихы тармағын түрте алады.

     





     

     

     

     

    Ордеріңізден бас тартудың жолы

    Спот ордерлерінен бас тарту үшін Ордерлер қойындысына өтіңіз де, Бас тарту пәрменін түртіңіз. Я болмаса, жоғарғы оң жақ бұрышта Барлық ордерлерден бас тарту пәрменін таңдай аласыз. Барылғын көрсету опциясын таңдасаңыз, Барлығынан бас тарту пәрменін түрту барлық сауда жұптарындағы ордерлерден бас тартатынын ескеру маңызды.

     

    Was it helpful?
    yesYesyesNo