
Бұл Bybit Kazakhstan аккаунтыңыздың құпия сөзін қалпына келтіру туралы қадамдық нұсқаулық. Құпия сөзді қалпына келтірмес бұрын, кіру құпия сөзін өзгерткеннен кейін 24 сағат ішінде крипто және фиат ақшаларын шығаруға тыйым салынатынын ескеріңіз.
Жүйеге кірген кезде
Егер де аккаунтыңызға кірген болсаңыз және құпиясөзді ауыстырғыңыз келсе, профиль белгішесіне басып, Аккаунт және қауіпсіздік бөліміне өтіңіз.
Құпия сөз бөлімінде Өзгерту батырмасын басыңыз.
Ескі құпия сөзді, жаңасын, сондай-ақ Google растау кодын енгізіп, құпия сөзді қалпына келтіру үшін Растау түймесін басыңыз. Қауіпсіздік шарасы ретінде сіз аккаунтыңыздан шығасыз және қайта кіру үшін жаңа құпия сөзді енгізу арқылы кіресіз.
Егер сіз әлі де Bybit Kazakhstan аккаунтыңызда болсаңыз, және де құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, аккаунтыңыздан шығып, төмендегі қадамдарды орындауыңыз керек.
Жүйеден шыққанда
1-қадам: Bybit Kazakhstan негізгі бетінде Жүйеге кіру түймесін басыңыз. Кіру бетінде Құпия сөзді ұмыттым батырмасын басыңыз.
2-қадам: Bybit Kazakhstan аккаунтыңызды тіркеу үшін пайдаланған электрондық пошта мекенжайын немесе телефон нөмірін енгізіңіз және жалғастыру үшін Келесі батырмасын басыңыз.
3-қадам: Аккаунтыңыздың құпия сөзін қауіпсіз өзгерту үшін электрондық пошта мекенжайыңызға немесе ұялы телефон нөміріңізге жіберілген электрондық пошта/SMS растау кодын енгізіңіз.
Ескертулер:
— Электрондық пошта мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді немесе Google аутентификациясын біржола жоғалтып алсаңыз, верификациямен мәселе бар? батырмасын басыңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін осы нұсқаулықты орындауға болады.
— Google растау кодын термес бұрын электрондық пошта/SMS растау кодын енгізгеніңізге көз жеткізіңіз.
— Егер растау кодын алу кезінде мәселелер туындаса, төмендегі нұсқаулықтарды қараңыз:
4-қадам: Енді аккаунтыңызға кіру үшін жаңа құпия сөзді енгізуге болады. Аккаунтыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күрделі құпия сөзді пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз және оны басқаларға бермеңіз. Аяқтағаннан кейін Растау түймесін басыңыз.
Құпия сөзіңізді сәтті қалпына келтірдіңіз! Енді оны есептік жазбаңызға қайта кіру үшін пайдалануға болады.

